Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында шенеунік пара алу кезінде қолға түсті

Облыстық ревизиялық комиссиясының бас инспекторы Талас аудандық білім бөліміне қарасты сектор меңгерушісінен 4 жарым млн. теңге талап еткен, деп хабарлады КТК.

0418fbc724e689d291f771ae3ec

Осы соммадан қалғаны 1 жарым млн. теңгені алып жатқанда оның қолына кісен салынып отыр.

Білім саласын тексеруге келген ревизиялық комиссияның бас инспекторы Нұрлан Дүйсенов ақша алу операциясын жалдамалы пәтерде жүргізген. Онымен бірге тағы екі тексеруші болыпты. Алайда олардың осы іске қатысы бар жоғы әлі нақтыланған жоқ.

Қазір 62 жастағы азамат үй қамаққа алынды. Аудитор енді 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, әрі өмір бақи мемлекеттік қызметтен аластатылуы мүмкін. Бірақ, қомақты қаржысы болса жазадан құтылудың да жолы бар.

“Сонымен қатар айыппұл тағайындалуы мүмкін. Бірақ енді 4 жарым млн. 60 есе ретінде айыппұл тағайындалады. Есептеп көрсеңіздер 300 млн-нан асады. Енді онай төлейтін ақшасы жоқ шығар”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рауан Рамазанов.

Жіберіп алмаңыз:

Әке мен баланың оқиғасы: Әкесі өзін қорғамақ болған ұлын сабап тастаған

Олар көзтартарлықтай сұлу: 12 қазақстандық жұлдыздың жүктілік кезі

Павлодарлық кәсіпкер өз ақшасына баспанасыз студенттерге тегін жатақхана ашып берді

Талқылау