Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ел чемпионатының жеңімпазы болған екі велошабандозды жүк көлігі қағып өлтірді

Жамбылда күні кеше ел чемпионатының жеңімпазы болған екі велошабандозды жүк көлігі қағып кетті. Ауыр техниканың астында қалған Хаджи-Дурсун-Оглы Гунайдин оқиға орнында жан тапсырды.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал миы шайқалып, қабырғасы және қолы сынған екінші спортшы ауыр халде ауруханада жатыр. Қазір жол апатына кінәлі деген жүргізуші тергеуге алынғанмен, сұмдық жағдайға нақты кім кінәлі екені беймәлім.

 

Жан түршігерлік жағдай күндізгі ондар шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша жол ортасында келе жатқан спортшыларға «Зил» жүк көлігі жақын келіп, озып кетеді. Оның артынан келе жатқан «Камаз» екі велошабондозды жаншып өтеді. Адам қағып кеткен көлік жол жиегінен шамамен 200 метр талдарды жапыра, арыққа барып бірақ тоқтаған.

Қазір жансақтау бөліміне жеткізілген Әбілхайыр Көшербаевтың жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалауда. Апатқа ұшыраған екі азамат та веложарыстан ел чемпиондары. Олар бір күн бұрын ғана Қызылордадан жеңіспен оралған екен. Бүгін демалыс алдында дене қыздыру үшін жолға шығып, олардың біріне бұл соңғы жаттығу болды. Ал, Спорт басқармасының басшылары екі-үш адам үшін велошабандоздарды арнайы көлікпен алып жүру міндетті емес дейді.

“Екеуінің жасы 18-де етін. Спорт шеберлері. Болашағынан үлкен үміт күткен едік. Олар жолға бізден бұрын шығып кетіп, біз артында келе жатқанбыз. Бірақ, жарты  жолда доңғалақ жарылып, соны жөндетуге бұрылып кеттік. Сол екі арада осындай жағдай болып отыр”, – дейді жаттықтырушы Анатолий Головин.

Талқылау