Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 6 жасар баланы азаптап өлтірген күдікті ұсталды

Ақпанның 15-і күні түс ауа Жамбыл облысы  Байзақ ауданынына қарасты Бурыл ауылында алты жастағы баланың азаптап өлтірілген денесі, өз үйінен  табылған. Күдікті де сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Алдын ала болжам бойынша күдікті сол үйге ұрлыққа түскен.

А.С Дүйсенбекті үйіне ұрлыққа түскен адам бірнеше жерінен пышақтаған.

Қазір ҚР ҚК кәмелетке толмаған баланы әдейі өлтіру  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша қамау абақтысына жабылған.

Күдікті К. есімді азамат қайғылы оқиға болғаннан кейін бір күн өткенде ұсталған. Сондай-ақ, қылмыста кінәсінің бар екенін мойындаған.

6 жастағы бала

«Іс бойынша  бірнеше сот сараптамасы тағайындалған. Қажетті тексерулер мен тергеу амалдары жүзеге асырылып жатыр. Тұрғылықты ауыл халықтың алаңдаушылығына байланысты жергілікті әкімдік пен тәртіп сақшылары арнайы бақылауды қолға алды», – деп жазады Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау