Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда 400-ден аса жолаушы аязда қалды

Құтқару операциясына Төтенше жағдайлар қызметінің жүзге жуық адамы жұмылдырылып, 402 жолаушының өмірін сақтап қалды. Олардың 66-сы балалар.

БезымянныйБезымянный

Қалың түскен қардан өңірдегі бірнеше асу жабылып, жүзге тарта техника қар құрсауында қалып қойған.Екі күн тоқтаусыз жауған қардан Қордай, Күйік, Шақпақ асуларында көлік қозғалысы тежелді. 10 автобус пен 72 жеңіл көлік, сондай-ақ 4 жүк машинасы жолда қалып қойған.  Бәрі жақын маңдағы ауылдарға жеткізілген. Ал, бүгін күре жолдағы шектеулер алынып, көлік қозғалысы қайта жанданды. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте.

Себебі «Қазгидромет» алдағы екі күнде жылдамдығы секундына 30 метрге дейінгі күшті жел тұрады деп ескертуде. Оның арты қарға ұласуы ықтимал.

Талқылау