Жамбыл облысының бас дәрігері адам емдеудің орнына ақша жинаумен айналысқан

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 21:32

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды қызметкерлері бірінен соң бірі парамен ұсталып жатыр. КТК телеарнасы облыстың бас дәрігері Ерлан Масалимовтың тергеу қапасына қамалғанын хабарлады.

ca79615a7f367774f72f6d5254ab82fd

Сурет express-k.kz

Ал оның екі орынбасары мен екі бөлім жетекшісіне бұлтартпау шарасы әлі қаралып жатыр. Мәліметтерге қарағанда, сыбайластар өңірдегі медициналық мекеме атаулының бас дәрігерлерінен 300 доллардан бастап, 10 мыңға дейін пара бопсалап жүрген. Сондай-ақ, олар қызмет бабын асыра пайдаланып, тендерлерде өрескел заңсыздықтарға жол берсе керек. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ерлан Масалимов өткен жылы ғана басқармаға басшы болып тағайындалған. Айта кетейік, екі апта бұрын Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Вадим Овсянников та қол астындағы қызметкерден 70 мың теңге пара алып ұсталған еді. Ол 2007-2010 жылдары Жамбылда осы саланың тізгінін ұстаған. Соған қарағанда, жамбылдық дәрігерлер адам емдеудің орнына, соңғы 10 жылдан бері басшыларға ақша жинаудан қолдары тимей жүрген сыңайлы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бул адамга подстава жасалган

  • Жұмбақ жан says:

    Жаксы адамдарды неге коре алмайды екен осы биликтегилер

  • Жұмбақ жан says:

    Жок бул отирик мен осы кисини танимын оган явно подстава жасалган

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар