Жамбыл облысындағы теміржол апатына байланысты жаңа деректер пайда болды

Бір адамның өмірін қиып, қаншама жандарды жарақаттаған жолаушылар пойызының апатына теміржол күтіміне жауапты бірнеше басшылық қызметтегі азаматтар кінәлі болып шықты. Тексеру барысында  Бас көлік прокуратурасы оларға «өз ісіне немқұрайды қараған» деген айып тағуда. Демек бақылаусыз қалған рельстер майысып, салдарынан вагондар аударылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Жамбыл облысындағы теміржол апатына байланысты жаңа деректер пайда болды

Оқиға орын алған аймаққа Шу жол дистанция басшысының орынбасары, 2-учаскенің басшысы және оның орынбасары, сонымен қатар тағы бір жұмысшы жауапты болған. Құзырлы орган аталған қызметкерлердің апатқа кінәлі екенін анықтаған. Сот нәтижесі, тексеру жүргізген мамандар, куәгерлер де прокуратураның сөзін растаған. Осы апатқа қатысты жеті жүз азаматтан жауап алынып, 75 заңды және жеке тұлға жәбірленуші деп танылған. 4 ай бойы тергелген іс Шу аудандық сотына енді ғана жетті.

Айта кетсек, 2018 жылдың 17 маусымында  Жамбылда №9-шы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан бір жасөспірім ажал құшып, 11 адам түрлі дене жарақатын алған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар