Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы полигонда миномет жарылып, әскерилер жарақат алды

«Гвардейск» әскери полигонында төтенше жағдай орын алды. Армия халықаралық ойындарына дайындық аясында өткен жаттығу сабақтары кезінде 120 мм миномет жарылып, Ангола командасының әскерилері зардап шекті, -деп хабарлайды BNews.kz.

жарылды

Салдарынан бір әскери қызметші ауыр хәлде жатыр, бірнеше әскери қызметші жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендер Отар әскери базасының жеке медициналық жасағына жеткізілді. Алдын ала тергеу бойынша, Ангола командасы 2Б11 минометінен оқ ату кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Келісімсіз окоптан шығып, ату позициясының орнын ауыстырған. Бұл өрескел қателік болып саналады. Сондай-ақ, снарядтың жарылуына екі мәрте оқтау да себеп болуы мүмкін.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің бұйрығымен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың жетекшілік етуімен комиссия құрылды. Ол жағдайды анықтап,кешенді тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына ұшып шықты.

«Мұның алдында бас төреші – «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауының жетекшісі генерал-майор Лұт Әлшекенов 13 елдің командасына техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізгенін айта кету қажет. Қатысушылар тек аталған процедурадан кейін ғана жаттығуға  кірісті», – деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

 

Талқылау