Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы оқиғаға қатысты ұсталған күдікті Бурыл ауылынан көшірілді

Жамбыл облыстық прокурорының орынбасары Байзақ ауданындағы Бурыл ауылының 17 ақпанда наразылық жиынын өткізген тұрғындарына адам өліміне қатысты күдіктінің отбасы ауылдан көшірілгенін айтты.

08689B97-4746-452A-8B11-B43A4376C2F5_w974_n_s

Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды

Сондай-ақ, жәбірленуші жаққа моральдық-материалдық шығынын өтеп беру талабының орындалғаны айтылды.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Кейін қастандық жасаушы күдіктінің этникалық түрік екені хабарланды. Ауыл халқының басым көпшілігі – қазақтар. Қазір Бурылды арнайы әскер қоршауға алып тұр.

Бұған дейін 6 жасар баланы азаптап өлтірген күдіктінің ұсталғанын, қайтыс болған баланың 11 жерден пышақталғанын, ауыл тұрғындарының бас көтеріп, қылмыскерді жазалауды талап еткенін және күдіктінің үйі қайтыс болған баланың отбасына берілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау