Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жасөспірім бес жасар балаға жыныстық қысым көрсеткен

Қордай ауданында «бала зорлау оқиғасынан» кейін ауыл халқы көтеріліп, 47 адам ұсталып, қайта босатылған. Айыпталушы жасөспірімнің Тараздағы интернатқа жіберілгені айтылады.

мсмсмсмс

Сурет matritca.kz

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында екі этникалық топ өкілдерін араздастыра жаздаған «бала зорлау оқиғасы» туралы бейресми хабар осы апта әлеуметтік желілер арқылы тарай бастады. Мұндай оқиғаның болғанын ауыл әкімдігі мен тұрғындар растады.

Қаракемер ауылының тұрғындарының сөзінше, сәуірдің 13-і күні осы ауылдың 14 жастағы жасөспірім баласы көршісінің ойнап жүрген алты жастағы кішкентай баласын зорлады деген хабар тараған. Кінәлі отбасының жазалануын талап еткен тұрғындар көтеріліп, полиция күшімен басылған. Бұл оқиға кезінде 47 адам ұсталып, кейін босатылған.

Жәбірленуші ретінде танылған баланың анасы Г.Т. болған жайттан естерін енді жиып жатқанын айтады.

«Оқиға өзінің (айыпталушы баланың – ред.) үйінде болған. Үйінде ешкім жоқ екен. Үйіміздің артында тұрады. Көрші. Баламызды үйіне алып барыпты. Сондай…жасапты. Баланың өзі айтып келіп отыр. Бес жастағы кішкентай бала. «Шынымен де сондай болды ма?», «сондайға дейін барды ма?» деп баланың жанын қоймай сұрадық. Ана бала (айыпталушы бала – ред.) да мойындады. Баланың ата-анасы болмағаннан кейін сосын ауылдық участковыйды шақырдық. Баламыздың айтуынша, сондай әрекет жасаған» дейді Г.Т.

Бұл оқиғадан соң жәбірленуші баладан тергеушілер жауап алған, қазір психологтар жұмыс жасап жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, «бала зорлау оқиғасын» естіген Қаракемер халқы дүрлігіп, «тегі – дүнген» деп сипатталған кінәлінің жазалануын талап еткен.

Есімін атамаған Қаракемер тұрғыны сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні «ұлтаралық жанжал болып кете ме деп қауіптенген полицияның 40 шақты тұрғынды қамап тастағанын» айтады.

“Милициялар келді де, біздің ауылдың қырықтай баласын қолын қайырып, байлап, баяғы Сталиннің уақытысындай апарып қамап тастады Қордайға. Олар көшеде тыныш жүрген. Көшеде жүргендердің бәрін алып кетті еш түсіндірместен. Мұнан кейін халық көтеріліп кетті. Одан кейін басты. Жамбылдан келді. Прокурор, полиция. Ақырында балалардың бәрін босатып алдық. Әйтпесе жағдай мүлдем ушығып кететін еді. Неге жазықсыздан жазықсыз балаларды қамап тастайды? Бұрындары да сүйтетін. Тұрғындар арасында төбелес болса бітті, балаларды алып қамап тастайды. Айыппұл салады. Милиция әбден жаман үйреніп қалған”, – дейді тұрғын.

Қордай аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Бақыт Баймұхамбетов «Бұл оқиғаға қатысты іс қозғалды ма?» деген сауалымызға «Барлық ақпаратты Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен алу керек» екенін айтты. Ал облыстық ішкі істер департаменті мамандарынан жауап алу мүмкін болмады.

Ауыл әкімі орынбасарының айтуынша, айыпталушы баланың ата-анасы Қаракемерде бұрыннан тұрады, айыпталушы И. Х.-дан бөлек тағы екі баласы бар. Жунуров кейбір ауылдастарының «бұл отбасының тегі дүнген екеніне күмәнданатынын» айтып қалды.

Талқылау