Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында зейнеткер көлігімен қоса жанып кете жаздады

76 жастағы қария тізгіндеген машинада жүріп келе жатқанда от тұтанған. Ақсақал өртті өз күшімен өшіре алмады. Лезде күш алған жалын жүк салғышқа жетіп, ондағы газ балоны жарылып кеткен. Бұл туралы КТК хабарлайды.

fire_001b

Сурет novopolotsk.by

Құдай сақтағанда көлікте жолаушы болмаған, ал тілсіз жаумен жалғыз алысқан ақсақалдың денесі қатты күйіп қалыпты. Қазір ол ауруханада жатыр. Куәгерлердің айтуынша, от машинаның алдыңғы бөлігінен тұтанған.

Аудидің тез жанғаны сонша, оның маңына ешкім жақындай алмапты. Сөйтіп, өрт сөндірушілер келгенше, көліктің түгі қалған жоқ. Ал мамандар күннің ыстығынан ескі көліктердің жану оқиғасы жиілегенін айтады.

Талқылау