Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында велошабандозды ажал құштырған жүргізуші қамауға алынды

Жамбыл облысында велошабандозды ажал құштырған 36 жастағы Камаз жүргізушісі ақыры қамауға алынды. Дегенмен оның кінәсі әлі дәделденбеген. Ал осы апаттан ауыр жарақат алған екінші спортшының беті бері қарады. Бірақ оқиғаның қалай болғаны есінде қалмапты,-деп жазады КТК арнасы.

спортшыыыы

22 сәуір күні жүк көлігі жол үстіндегі екі велошабандозды басып өтіп, сол жерде 18 жастағы спортшы Хаджи Гунайдин жазым болған еді. Ал Әбілқайыр Көшербаев өте ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Оның миы шайқалып, өкпесіне қатты зақым келген.

Сондай-ақ, бел омыртқасы мен бірнеше қабырғасы және қолы сыныпты. Қазір оның денсаулығы тәуір. Бірақ сынған қолына тағы ота жасау керек. Айта кетейік, апатқа ұшыраған екі спортшы веложарыстан Қазақстанның чемпиондары. Дәрігерлердің айтуынша, Әбілқайыр Көшербаевтың үлкен спортқа орлауға мүмкіндігі бар.

«Көшербаев Әбілқайырдың бүгінгі күнгі жағдайы дұрысталып, орташа. Пневманиядан қазір жазылып шығып, температура басылып, ертеңгі ота жасауға дайындалып жатыр. Сол жақ иығын темірмен бекітіп, ертеңгі күні үлкен спортқа қайта қатарға қосылайтындай операция жасап көреміз»,-дейді Тараз қалалық №1 ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Төлеев

Талқылау