Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында той кортежінің кесірінен жапа шеккен әйел хәл үстінде жатыр

Жамбыл облысында дәрігерлер той кортежі себепкер болған жол апатынан жапа шеккен 23 жастағы келіншекті аман алып қалу үшін жанталасуда. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вмвм

Меркі ауданында болған апат кезінде өте ауыр жарақат алған ол, қазір емдеу мекемесінің жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, осы оқиғаға себепкер болған көлік жүргізушісі де ақхалаттылардың қарауында. Оның бірнеше қабырғасы сынып, миы шайқалған.

Дәл осы 27 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның жатқан палатасының алдына күзет қойылды. Ол енді 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жұма күні Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылы маңында жол апаты болған еді. Үйленіп жатқан екі жасты үйінен әкетуге кетіп бара жатқан Геленваген, жүйіткіген бойда қарсы бетке шығып кетіп, ВАЗ-2114 көлігіне бетпе-бет соғылған.

Артынша тіпті жол-патрульдік полициясының машинасына ұрылған. Тәртіп сақшылары аман қалса, бірінші соққан көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен оның бір жарым жастағы баласы және 55 жастағы анасы сол жерде жан тапсырған еді. Қазір марқұмның әйелі мен тағы бір туысы ауруханада хәл үстінде жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

Алматылық жүргізуші жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

Атырауда егіз босанған әйел көз жұмды

Қарағанды облысында қоқыс арасынан жаңа туған сәби өлі күйінде табылды

Талқылау