Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында темір жол қызметкері 9 млн теңгені жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

Жамбыл облысында темір жол қызметкері 9 млн теңгені жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлады ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

ұры

Жамбыл облысындағы қызмет көрсету учаскесінде орналасқан темір жол ұйымының қызметкері 9 жылдай (2006 жылдан 2014 жылға дейін) ақшаны қалтасына басып отырған. Оның қылмыстық ісінің жолын көлік полицейлері кесті.

«Тергеу барысында белгілі болғандай, темір жол ұйымының қызметкері – жетекші бағдарламашы (программист)  компьютерлік технологиялар саласындағы білімін пайдаланып, 9 жыл бойы бухгалтерияның жергілікті торап желісіне заңсыз қосылып, белгілі бір соманы өзінің карточкасы мен өзге тұлғалардың шоттарына аударып келген. Осылайша ол 9 млн теңгені ұрлады», – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары кезінде ұсталғанның кінәсі дәлелденді және ол 5 жылға бостандығынан айырылды.

 

Талқылау