Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ақысына жалданған киллер 88 жастағы құрбанын аяп, өлтіруден бас тартқан

Тараз қалалық ІІБ қызметкерлері биылғы жаңа жылдың алдында 88 жастағы әйелді өлтірмек болды деген күдікпен О. есімді 54 жастағы азаматты ұстады.

женщины-в-тюрьмах-1

Тапсырыс беруші облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтер ісі бойынша қылмыстық жолға барған. Тұрғын үй мәселесі, қожайын мен әйел арасындағы дау-дамай енді сотта қаралатын болады.

Қартаң әйелді өлтіру үшін жалдамалы қылмыскерді таңдаған. Жалдамалы кісі өлтірушінің бұрындары да көптеген қылмыстарға қатысы бар екені анықталып отыр.

Алайда кісі өлтіруші жасы келген әйелді мүсіркеп, тапсырыс беруші әйелдің арам пиғылы іске аспай қалады.

Сосын олар мүмкін болған кісі өлтіру әрекеті бойынша полицияға арыз түсіреді. Нәтижесінде ҚР ҚК 24.3-99.1 тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ОП-2 қылмыстық полиция қызметкерлері кісі өлтіруге тапсырыс беруші әйелді ұстау үшін жылдам жоспар бойынша іске кіріскен.

Өлтіру операциясын орындап болғаннан кейін, екеуі төленетін ақыны алу үшін кездесетін орынды белгілейді. Тапсырыс беруші кісі өлтірушіге ақысын ақшалай беріп жатқан жерінен ұсталған. Сосын дереу Тараз қаласындағы уақытша қамау изоляторына жөнелтілген.

Аталған қылмыстық іс бойынша сот сараптамалық жұмыстары белгіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау