Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында шекара қызметкерлері толғағы келген әйелді босандырып алды

Жамбыл облысында шекарашылар толғағы келген отандасымызды босандырып алды. Оқиға «Ауқатты» пункінде болды, деп жазады Қазақпарат.

Жамбыл облысында шекара қызметкерлері толғағы келген әйелді босандырып алды

“2 желтоқсан күні Қордай ауданында ҰҚҚ шекара қызметінің 2038 әскери бөлімінен Фариде есімді келіншек көмек сұрайды. Ол Қырғызстаннан келген. Шекарадан өтпек болып кезекте тұрған уағында мерзімінен бұрын толғағы қысып, шекарадағылардан көмек сұрайды”, – делінген хабарламада.

Шекарашылар еш саспастан әйелді босандыруға кіріседі. Оқиға орнында ешқандай қажетті зат пен медициналық құралдың жоқтығына қарамастан  шекарашылар әйелге алғашқы көмек көрсетіп, босандырадырып алады. Ауыл ауруханасынан дәрігерлер шақыртылады.

Шекара қызметкерлерінің дер кезінде көрсеткен көмегімен Қазақстан азаматшасы сау баланы өмірге әкелді. Жедел жәрдем келіп жеткен соң жас ана мен баланы перзентханаға алып кетті. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау