Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында сарбаз құпия жағдайда қайтыс болды

Жамбыл облысында құпия жағдайда сарбаз қайтыс болды. Луговое станциясында келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметкер жалдамалы үйінде асылып қалған күйінде табылған. Бірақ қайтыс болған азаматтың туысқандары үйлеріне табытпен оралған бауыр еті баласының өз-өзіне себепсіз қол салуы мүмкін емес,-  дейді.

Луговое станциясындағы 03 811 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен Рахматолла Теміровтің өлі денесі өзі жалдап тұрған үйінде табылған. Бөлмесінде жіпке асылып қалған 23 жастағы жігіттің өзіне нақақтан нақақ қол салып, өлімге баруы мүмкін емес. Осылай деген сарбаздың туысқандары үйіне табытпен оралған бауыр еті баласының денесін кеше жер қойынына тапсырды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жақындарының сөзінше Рахматолла өзіне қол жұмсау түгілі, кішкентайынан өзгеге қол көтеріп көрген жан емес дейді. Момын балаларын қызметтестері немесе бірге араласқан жолдастарының арасында біреуі басынып алған болуы мүмкін дейді. Соңғы рет бір күн бұрын жүріп жүрген қызымен сөйлескенде де дауысынан қорқыныш байқалғанын айтады.

Жақындарының сөзінше мәйітті алып кетуге барғанда жігіттің денесінің бірнеше жерінен көгерген іздер және ернінің жырылғанын байқалған. Айтуларынша денесіндегі жарақаттар ұзақ уақыттан бергі соққының салдары болуы мүмкін. Бірақ әскери бөлімнің басшылығы біреудің әлімжеттік көрсетуі мүмкін емес дейді.

Марқұм болған Рахматолла Теміровтың жақындары тергеуден істің ақ-қарасын ашуды талап етеді. Балаларының өліміне кінәлі адамдар заң бойынша жазалануы тиіс дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысында көлік жүргізуші үш баланы өрттен аман алып шықты

Алматыда су жаңа Rolls-Royce көлігі дүкеннен шығып бара жатып, витринаға соғылды

Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

Шымкентте 8 адам газға уланып аурухана түсті

Талқылау