Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен ана сотталды

Жамбыл облысында туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен 21 жасар ананы сот бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Үкімді Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық сот қабылдады.

thfd

Сурет КТК

“Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы бойынша кінәлі деп табылған. Сот 1 жыл 6 ай көлемінде жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды”, – деді үкімді оқыған судья Ғазиз Аманбаев. Оның ата-ана құқығынан айырылу туралы мәселесі басқа сот отырысында шешілмек.

Еске сала кетсек, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысындағы Абай ауылына жақын маңдағы автомобиль жолында орын алған. Ол жердегі дәретханадан жаңа туылған сәбиді адамдар тауып алған. Сәби екі метр болатын шұңқырда шамамен бір сағаттай жатып қалған. Сәбиге Жансая деген есім берілді.

Талқылау