Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында Паралимпиада чемпионын тонаған ер адам ұсталды

Риодағы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның пәтерінен бағалы заттар мен ақша ұрланған еді.

спортшы
Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллинаның пәтерін тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақстан жаңалықтары.

Габидуллина 2017 жылы 29 сәуірде полицияға арыз берген. Белгісіз біреулер оның пәтеріне кіріп, бағалы заттары мен ақшалай қаражатын ұрлап кеткен, келтірілген материалдық шығын сомасы 1,35 миллион теңгені құрайды.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 188-бабы бойынша аса ірі көлемдегі тонаушылық ретінде сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында, Жамбыл облысы полицейлері жедел іздеу шараларын жүргізіп, А. азаматты ұстады.
Күдіктіге қарсы айыптау актісімен бірге қылмыстық іс 2017жылы 31 шілдеде сотқа жіберілді.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы қазақ әжелерін 91 жастағы гимнасттан үлгі алуға шақырды (видео)

Көрінбей кеткен Асқар Жүнісбеков терме айтып, тыңдарманын қуантты (видео)

Сиви Махмұдидің анасы әуезді әнімен көпшілікті таңдай қақтырды (видео)

Әнші Ашер әйелдерге зорлық көрсетіп, жыныстық қатынаспен әдейілеп ауру жұқтырған

Талқылау