Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында найзағай түсіп малшы мен жылқысы көз жұмды

Жамбыл облысында тосын ауа-райы құбылысы адам өліміне әкеліп соқтырды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

ыммы

“18 мамыр күні Қордай ауданындағы Кенен ауылынан 15 шақырым жерде малшының денесі табылды. Қасында бір қой мен бір жылқы болған. Алдын ала деректер бойынша 42 жастағы малшы және жануарлар 17 мамыр күні болған найзайғай соққысы кезінде көз жұмған”, – деді баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда адам өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр екен.

17-18 мамыр күндері Оңтүстік Қазақстан облысында қатты жауын жауып, дауыл болып, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетіпті. Сондай-ақ, 19-23 мамыр аралығында да ауа-райы қауіпі сақталып отыр. Бұл уақыттары ОҚО-да су көлемі де көтерілуі мүмкін дейді мамандар.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында екі жігіт асқан қатыгездікпен зорлаған бойжеткен өз өмірі үшін қорқып жүр

Бағлан Жасұлан Базарбаев жайлы: Денесі- үлкен, санасы-баланікі

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды

Талқылау