Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында қойшы “Қазақваген” көлігін ойлап тапты

Жамбыл облысында қарапайым қойшы үш доңғалақты мотоциклден автокөлік жасап, оны «Қазақваген» деп атады. Ерекше көлікті оның көршілері видеоғаа түсіріп желіге жариялаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Желідегі видеоны 10-нан аса адам көрген.

Өнертапқыш Төлеген Юсупов танымал болу туралы мүлде ойламаған.

Көлік өте үнемді. 100 км жерге 1 литр жанармай кетеді. Сағатына 80 км жылдамдықпен жүреді. Көлік негізінен күн батареясымен жұмыс істейді. Тіпті, жүк салғышы да бар.

“Ешқандай шығын болған жоқ. Мотоцил болатын оған қозғалтқыш пен рөл салдым. Сосын сыртын алюминимен қаптадым. Ішінде бәрі бар: қуаттағыш, пеш, кондиционер, музыка. Бұл көлікпен далалыққа шығып, мал бағамын. Қыста да, жазда да, кез келген ауа-райында қолданамын, бұзылмайды”, – дейді Төлеген Юсупов.

Төлеген көлік ойлап тапқаннан кейін бұрынғы көлігі жылқыларды ұмытып кеткен. Ол өзінің көлігін дауылда да, қақаған қыста да, аптап ыстықта да қолданатынына сенеді. Тіпті онымен, бауырлары мен достарының тойына баруға ұялмайтынын айтты.

Көліктің іші өте ыңғайлы. Онда 3 адамға дейін сыяды.

Қойлар мен ешкілерде үйреніп алған. Қазір Төлеген оларды сигнал арқылы бір жерге жиналуды үйретіп жүр.

Өнертапқыш көлігін әлі де дамыту жолдарын қарастырып жүргенін айтты. Қарапайым қойшы-өнертапқышты бүкіл облыс таниды. Сонымен қоса, “Қазақваген” көлігіне тапсырыс беріп қойғандар да бар екен.

Тағы оқыңыз:

Танымал қазақстандық блогер сот алдында жауап береді

Қарағандылық қыз ұрыс естімеу үшін белгісіз біреу зорлады деп өтірік айтқан

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының экс-директоры аз қамтылған отбасылардың жәрдемақысын алып отырған

ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

Талқылау