Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ерекше қабілетке ие «магнит бала» бар

Жамбыл облысының ор­талығы – Тараз қаласында түрлі металл заттарды дене­сінде ұстап тұра алатын «маг­нит бала» табылды. Бүгін­де жасы 6-ға енді толып отыр­ған Нұрдәулеттің ерекше қабі­летін ата-анасы жақында ғана байқапты. Қазір баланың осы қа­сиеті күн санап артып келеді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымы хабарлаған/

ерекше бала

Немересінің осы қабілетін ең бірінші болып атасы бай­қапты. Ол теледидардан бір қарияның денесіне темір заттарды жабыстырып жатқанын көріп, соны өзіне жасамақ болған. Ештеңе шықпаған соң жанында ойнап жүрген неме­ресінің кеудесіне қасықты қойып көріп, таңғаларлық жайт­қа кезігеді.

«Ата маған: «қасық әкел» деді. Әкеліп беріп едім, атаға жабыспады. Маған жабысты. Сосын үйдегілердің бәрін ша­қы­рып, айтып берді», – дейді Нұрдәулет Арыстанбек қазір.

Бала мектептің даярлық тобында оқиды. Алғашында оның кеудесіне тек бір қасық қана жабысқан екен. Кейін келе бойындағы белгісіз күш күннен-күнге арта түсіпті. Осы­лайша соңғы 10 күнде тар­тылыс бірнеше есеге өскен. Ал қазір оның денесі тұтас планшетті ұстап тұра береді.

«Денесіне жабысатын заттар саны күн өткен сайын көбейіп жатыр. Қазір төрт, алты қасыққа дейін барды. Содан кейін ұялы телефонды жабыстыру туралы ой келіп, оны да көрдік», – дейді Нұрдәулеттің атасы Арыс­танбек Қарақұлов.

 

 

Талқылау