Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында көлік жүргізуші ескерту жасаған жолаушыны өлтіріп тастады

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру қылмысымен Кайрат Анарбекович Джаримбетовке қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

rul_main

Фото: bart-service.ru 

Бұл туралы Жамбыл облысының  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сәуірлің 17 күні Г. есімді жәбірленуші «Астана-Алматы» тас жолына жақындағанда  өзінің жүргізушісі Джаримбетовке жүргізуші қабілеттері жоқ екендігін айтып араларында жанжал туындаған.

Ұрыс барысында Джаримбетовте адам өлтіру, яғни, жәбірленуші Г.-ны қасақана қазаға ұшырату ойы туындаған.

Өзінің қылмыстық құқық бұзушылық ойын жүзеге асыру үшін, КДжаримбетов басқарып келе жатқан автокөлікті тоқтатып, жәбірленуші Г.-ны мойынынан екі қолымен ұстап, қатты қысып қылқындырып, соңғының жоғарғы тыныс алу мүшелерін бекіту арқылы қасақана өлтірген.

Содан кейін Джаримбетов өзінің жасаған қылмысын жасыру және мәйіттен құтылу мақсатында, «Астана-Алматы» тас жолының жолдың астымен өтетін бетон құбырға соңғының мәйітін көтеріп алып барып, автокөліктегі канистрде болған жанар-жағармайын шашып, мәйітті ешкім танымау үшін өртеген және Г.-ның жеке басын анықтайтын құжаттарды, ұялы телефоны мен әмиянын қоса өртеген.

Сот үкімімен Джаримбетов Кайрат Анарбекович кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде пәтер жалдаушы әйеліне көз салған иесін өлтіріп, үйді өртеп кашпақшы болған

Қызылордалық мүгедек жездесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Өскемен тұрғыны талып қалған досына көмектесемін деп өлтіріп алған

Талқылау