Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам тонналап марихуана сақтаған

Жамбыл облысында екі тоннадан астам марихуана сақтаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

marihuana

Фото: lugansk1.info

Арнайы операция барысында полицейлер Қызыл жұлдыз ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан 2 тонна және 19 келі шикі марихуана мен кептірілген 1,259 келі есірткі тәркіленген. Марихуана сақтаған ол өз кінәсін мойнына алған.

Бұған дейін Ақтауда жұмыссыз тұрғынның үйінде қарасора плантациясын жасап қойғаны да хабарланған еді. 30 жастағы әйел пәтерінің балконында гүлдермен бірге марихуана да отырғызған. Ол шөпті арнайы құмыраға отырғызып, күн сайын күтіп-баптап, температурасын бақылап тұрған. Полицейлер аталмыш әйелдің пәтерінен марихуананың 32 түбін тапқан.

Талқылау