Жамбыл облысында екінші сынып оқушысын зорлап өлтіріп, ағашқа асып кеткен

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 23:11

7 жасар бала өз ауласындағы ағашта асылып тұрған жерінен табылды. Артынан оның зорлап, азаппен өлтірілгені расталған. Қазір тәртіп сақшылары жатпай-тұрмай азғынды іздестіруде.

азапталған оқушы

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал марқұм оқушының нағашылары оның өліміне өгей әкесінің туған ағасын кінәлап отыр. Алайда күдікке ілінген 38 жастағы азаматтың жақындары оған шаң жуытар емес.

Жұрттың төбе шашын тік тұрғызған жағдай Тұрар Рысқұлов ауданындағы Каменка ауылында болды. 7 жастағы Ерасыл талға асылған күйде табылған. Оның анасы екінші некеде. Сондықтан шешесімен бірге өгей әкесінің шаңырағында тұрған. Бақилық болған жеткіншектің нағашылары күйеу баланың үйінде ақыл-есінің кемістігі бар туған ағасының жүргенін айтады. Қайғыдан қан жұтқандар енді содан күдіктеніп отыр.

“Серік, Серіктен басқа ешкімнен күдіктенбейміз. Қыздың айтысы ол уақытта Берік үйде болған, Серік далада мал жайғап жүрген. Бала бірге жүрген. Өздері де екі сөйлеп отыр”, – дейді Ерасылдың нағашы әжесі Гүлбақ Шынәсілова.

Екінші сынып оқушысының өлі денесін ең бірінші кім көрді дегенге сан қилы жауаптар айтылуда. Анығы сол, табылған кезде оның іш киімі болмаған. Ал, күдікке ілінген 38 жастағы азамат бұрын психдиспансерге жатып шығыпты. Үш жыл бұрын шаңырақ көтергенімен қазір ажырасып кеткен екен. Бірақ Зәуре Байтақова баласының азғындыққа барғанына сенбейді.

“Ол он минутта ол баланың жұлынын үзіп, басына екі жерден гематома салып, және жаңағыдай тірлік істеп, үлгеріп одан кейін қалай мынаған әкеп іліп қояды 10 минутта. Менің ойымша, малға келген біреулер болды ма, мына жерде неше түрлі алқаштар тұрады”, – дейді Каменка ауылының тұрғыны Зәуре Байтақова.

Зейнеткердің айтуынша, жантүршігерлік оқиғадан соң оның екі баласын күйеуімен қоса тәртіп сақшылары қамап тастаған. Бірақ полицейлер  бұл мәліметті жоққа шығарды. Тергеу құпиялығына байланысты оқиғаның жай-жапсары ашық айтылмай жатыр. Белгілісі, жеті жастағы баланы зорлап, тұншықтырып өлтірген. Оны азаптағаны сонша, мойын омыртқасы үзілген. Қазір сот-биолигиялық сараптама тағайындалып, екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

“ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, екінші бөлігі 10-шы және 14-ші тарамақтары, яғни қасақана жасөспірім тұлғаға зорлық-зомбылық әрекеттерімен ұштасқан адамды өлтіру”, – дейді Т.Рысқұлов аудандық ІІБ бастығының орынбасары Дәурен Өмірбеков.

Қаныпезердің құрбаны болған жеткіншектің сүйегі өзінің туған әкесіне берілді. Әскери қызметтегі ол тағы бір мәрте шаңырақ көтерген. Ал перзентінен айырылған 29 жастағы келіншек екі баласын ертіп төркініне көшіп кетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

67
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Жүрегім ауырып кетті ғой.қиналган бала… Түсіне кіріп ұйқы бермей азаптан қиналып сол баланын күйін кешсін.

  • Жұмбақ жан says:

    Адаммен адам адамша сөйлесу қалды! Күш үстемдігі, көңіл үстемдігі, билік үстемдігі… Адам айуанға айналып барады… Өкінішті!

  • Жұмбақ жан says:

    Сумдык. …

  • Жұмбақ жан says:

    Сундук….

  • Жұмбақ жан says:

    Ана шешесі өлдіме байдан.Сол байға тимейақ бала үшін өмір сүрмейма?Өгейдің аты өгей.

    • Жұмбақ жан says:

      сумдык кой мынау, не болып бала жатыр, Алла сабыр бере гор!

    • Жұмбақ жан says:

      акеседе кiналы Ол баска катынга уленуге болды ал аел отырм керек бала деп осынын баре семьянын кадере жоктыктан

  • Жұмбақ жан says:

    Осы кинолар да зорлаған адамның спермасы аркылы тауып жатушы еді ғой. Сол оңбағанды тез тауып жазасын берсеңіздер деим. Бұл енді тым шекке шыққандық. Жазасын Аллам берсін.

  • Anonymous says:

    Озин дал солай олтиру керек! Аллам жазасын берсин!

  • Жұмбақ жан says:

    Нужно таких кастрировать и убивать на глазах народа

  • Жұмбақ жан says:

    Бай Бай деп баладан айырылды. Екинши байы кун корсетпепти бейшара балага. Шешеси байды емес перзентин ойлау керек еди.

  • Асхат Түркістан says:

    Не болып кетті өзі бұл жалған…Кішкентай балаға бұндай қатігездік жасауға қалай барған малғұн малдан төмен надандар…..Я Раббым оларды (кінəліні)өзің жазасын бере көр….Ахиретте жəннəтта жас баланы қамқорлыға ала көр …Амин

1 2 3 6

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар