Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында дәрігерлер науқасты жарақаты жазылмаған күйі ауруханадан шығарып жіберген

Жамбыл облысының тұрғыны кіндік түбіндегі жарасы жазылмай жүр. Жарасы асқынғаннан қан кетіп, жедел жәрдеммен ауруханаға түскен, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Айткүл әжей қан қысым көтерілгендіктен есінен танып құлап, қарнын тіліп алған. Дәрігерлер дәкемен таңып жара аузын жауып берген. Бірақ күн өткен сайын ауруы асқына бастапты.

Айткүл әжей аудандық ауруханада дәрігерлердің диагноз қоя алмай әрі-бері әуреге салғанын айтады. Қазірде қойылған диагнозға күмәнмен қарайды. Облыстық аурухана дәрігерлері жараның аузы іріңдегенін айтып, орнын кесіп алуға тура келіпті.

“Бастапқыда дұрыс ем жасаса, асқынбас еді. Тек екпе салып, жараға мазь жақты. Ауруханада ота жасаған соң, жара өзі жазылады деп үйге шығарды”, – дейді әжей.

Бірақ аудандық емхананың дәрігері бір күн бұрын ірің байқамағанын айтты.

“Бізге келгенде ешқандай ірің болған жоқ. Тек қарайып тұрды. Жараны таңып бердік. Қара тіндерін енді аламыз”, – дейді Жамбыл аудандық ауруханасының хирург дәрігері Атамбай Досмұхан.

Қазір науқастың бітпеген жара орнынан ішкі ағзалары көрінеді. Алайда дәрігерер жара өзі бітіп кетпейінше, орнын тікпейтіндерін айтты. Сондықтан кейуанаға ашық қарынмен бірнеше рет ауруханаға келіп, жарасын таңытуға тура келеді. Әжей күн сайын ауруханаға қатынауға шамасының жоғын айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау