Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында дәрігерлер дәретхананың шұңқырынан табылған сәбидің денсаулығы туралы айтты

Көкек ананың жауыздығы жұрттың жағасын ұстатқан еді. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртқан болатын. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы қалыпты екенін айтты.

364

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

 

Нәрестені терең шұңқырдан алып шығу үшін төтенше жағдай қызметкерлеріне дәретхананың еденін бұзуға тура келген. Ақ халаттылардың мәліметінше салмағы 3 келі 600 грамм болатын шақалақты анасы 30-40 минут қана бұрын босанып қалдырып кеткен. Құрсағын жарып шыққан перзентін қасақана өлімге қиған тасбауыр келіншек әзірге таптыратын емес.  Ал өлім аузынан қалған қыз бала қазір Тұрар Рысқұлов ауданындағы орталық аурухана дәрігерлері емдеп жатыр. Қатты тоңып қалғаны болмаса жағдайы қалыпты.

 

Талқылау