Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында дәретханаға тасталған сәбиді әжесі асырап алғысы келеді

Жамбыл облысында дәретханаға анасы тастап кеткен төрт айлық Жансая есімді сәбиді әжесі өзіне алғысы келеді.

photo_182110

Суреттер tengrinews.kz

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

“Үміт” балалар үйінің бас дәрігері Айжан Жақсымбетованың айтуынша, қамқорлық кеңесінің шешімі шықпайынша, бала балалар үйінде қала береді.

“Әзірге сәби осында қалады. Қамқорлық кеңесі шешім шығарғаннан кейін барып, баланың кімде қалатыны белгілі болмақ. Сірә, бала әжесіне берілетін шығар, ол да баланы алғысы келіп отыр. Осы төрт айдың ішінде әжесі бізге жиі келіп, баланың жағдайын біліп тұрды. Ол сәбиді өзіне алғысы келеді. Әйелдің жасы небәрі 44-те, әйтсе де немересін тәрбиелеуге дайын”, – дейді Жақсымбетова.

Сондай-ақ, бас дәрігердің айтуынша сәбидің денсаулығы жақсы, өзінің жасына сай дамып келе жатыр екен.

Еске сала кетсек, сәбиін дәретханаға тастап кеткен 21 жасар анаға сот шешімі шығып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

8ea00cac489c23089abc9b9005df47ae

Еске сала кетсек, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысындағы Абай ауылына жақын маңдағы автомобиль жолында орын алған. Ол жердегі дәретханадан жаңа туылған сәбиді адамдар тауып алған. Сәби екі метр болатын шұңқырда шамамен бір сағаттай жатып қалған. Сәбиге Жансая деген есім берілді.

Бұған дейін Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тұрғындары ерлі-зайыпты Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғынбекованың да Жансаяны асырап алғылары келетіні, тіпті ол үшін барлық керекті құжаттарды да дайындап қойғаны айтылған еді.

Талқылау