Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азаматқа шұғыл көмек қажет

Жамбыл облысында 28 жастағы азамат биіктен құлап омыртқасын зақымдап, сол күйі жүруден қалған. Меркі ауданының тұрғыны Азамат Үйсінқұловтың төсек тартып жатуы жақындарының жанына батады, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

ф

Ордабұзар жасқа келген жігіт аяғына тұрғысы келеді. Бірақ сал аурудың ем-домына қаржы жеткіліксіз.

Азамат екі жыл бұрын ауылда көлікке шөп тиеп жатқанда биіктен жерге басымен оңбай құлаған. Сөйтіп омыртқасына қатты зақым келіпті. Содан бері иықтан төмен қарай істемей, қимылсыз жатыр. Бұған дейін Қырғызстанда операция жасалғанымен, нәтижесі шамалы. Ал өздерінің дәрменсіз екенін мойындаған отандық мамандар Қытайдағы клиникаға баруға кеңес берген. Енді Азамат сонда барып қаралғысы келеді. Бірақ ем-домына 7 млн теңге қажет. Қайғылы жағдайға дейін тарих пәнінен сабақ берген апталдай жігіт қазір анасының зейнетақысына қарап отыр. Көмек қолын созам деген жомарт жандар экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласа алады.

-“Ауыртпашылық анама тиіп жатыр. Үйді жинауы маған қарауы бар, тамақ пісіруі, есік алдындағы жұмыстары бар. Осының бәріне қарап менің тұрғым келеді. Тұрам деген үміттемін. Болашақта үйленіп, анама немере сүйгізгім келеді”, – дейді Меркі ауданының тұрғыны Азамат Үйсінқұлов.

Қол ұшын созам деушілерге: 8777 628 55 76

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде сатушы тоқаштарды лақтырып қаруланып келген ұрыны қуған

Семейде жүкті әйел мен құрсақтағы сәбиді көліктегі фельдшер жігіт аман алып қалды

Тимати: Менің мейрамханам көп ұзамай халал болады

Оралда бойжеткендер жеңгетайлардың күштеуімен 6 жыл жезөкшелікпен айналысқан

Талқылау