Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында бейіт басындағы жасанды көлдің кесірінен қорымдар қираған

Жамбыл облысында бейіт басындағы жасанды көлден қорымдар қирап қалған. Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары су шайған зираттардың опырылуына жергілікті кәсіпкерді кінәлайды. Айтуларынша, жер асты суы көтеріліп, мүрделер ашық қалған. Наразы топ, бейіт маңындағы сайда су жинамауды талап етуде.

Снимок экрана (125)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұқара басқаны қойып, бейіт басында бизнес ашқан кәсіпкерге наразы. Бекер емес, демалыс орны үшін дәл қорым маңындағы сайға жасанды көл жасаған бизнесменнің ісі оңды бола қоймады дейді тұрғындар. Су қабірлерді басып, он шақты мола опырылып қалған. Жергілікті жұрт үшін демалыс орнын ашпақ болған кәсіпкер, қазір тіпті көлге балық жіберіп қойғанын айтады көпшілік. Мұнда демалыс орнының ашылуы әруақты аяққа таптау деп есептейді ел.

«Соны көріп отырып халық шыдайды ма, шырылдап жүгіріп жүр. Біреуінің әкесі, біреуінің анасы, біреуінің атасы, бабалары жатыр. Әруақты сыйлау керек қой», – дейді Каменка ауылының тұрғыны Мейілхан Әуесбаев.

Аралда қалған зиратта қабір қазбақ түгілі аяқ алып бару мұңға айналды дейді мұндағылар. Көлшіктен жер асты суы көтеріліп, мүрде маңы ми батпаққа айналған. Кәсіпкер көл табанын бетондамағандықтан су деңгейі жотадағы бейіттерге бірақ жеткен. Сорақысы зират етегіне келген суды бөгемек болып, ескі қорымдарды көміп тастаған.

«Мыналар төгілмей тұрғанда, осы жерде ескі бейттер болған. Ана жердегі біреуіне жаңа аяғымыз түсіп кетті, бұл жерде болған ескі бейіттер. Міне жатыр ғой былқылдап. Көміліп кетті», – дейді Каменка ауылының тұрғыны Бестай Қалымбетов.

Ал кәсіпкер бұқараның «соқырға таяқ ұстатқандай» келтірген бар дәлелін жоққа шығарады. Тек биыл ашқан көлдің сыйымдылығын ескеруді естен шығарғанын айтады. Дегенмен ойдағы судың қырдағы қорымға жеткеніне сенбейді. Сан жылғы сел мен зілзалаға шыдап келген бейіттердің биыл бүлінуіне  осы көктемдегі нөсер жауын себеп дейді. Дегенмен зираттың төңірегін ендігі жерде су шаймас үшін бөгеп беруге уәде етті.

-Кости моих родителей обмылись или нет?

-Да не обмылись!

-Копай тогда, будем вместе копать!

-Не буду я копать.

-Если здесь воды не будет, мы все здесь у тебя извинения попросим!

-Юра! Не надо мне извинений. Я, как мужик, сказал сделаю, сделаю!

Алайда тұрғындарға зират маңында тас төсеп берем деген уәдесі жұбаныш бола алмады. Сондықтан сайдағы су түгел сарқылғанша кәсіпкерге қарсылық таныта береміз деп отыр. Айтқан жерден аулақ, тек топырақпен бекітілген жасанды көл жиегін суы орып кетсе, іргедегі Батыс-Қытай, Батыс Еуропа көлік дәлізі мен темір жолды қоса шайып кетеді дейді жұрт.

Талқылау