Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында бензин құю кезінде алапат өрт тұтанып жұмысшылар ауыр жараланды

Жамбыл облысының Меркі ауданында мұнай қоймасы жарылып, арты алапат өртке ұласты. Төтенше жағдайдан соң қауіпті аймақ түгел қоршалып, қозғалыс тоқтатылды.

f909f8eb-aaf2-4f37-b5aa-ec9200c70576

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Апат кеше кешкі мезгілде болған. Алапат оттың қатты болғаны соншалық жалын 100 метр биіктікке дейін жеткен.

Белгілі болғандай бензин құю кезінде өрт тұтанып кеткен. Апат кезінде 60 тонналық цистерна мен сыйымдылығы 50 текше метр болатын екі резервуар қоса жалынға оранған. Төтеншеліктер бір сағат 20 минутта алапат отты әзер ауыздықтады. Ал жалын құрсауында қалып қойған үш жұмысшы жансақтау бөлімінде хәл үстінде жатыр. Науқастардың 90 пайыздан астам денесін күйік шалыпты.

– “Меркі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне үш адам келіп түсті. Үшеуінің де жағдайы ауыр халде. Себебі денесінің барлық бөлігін күйік шалған. 2,3,4 дәрежедегі күйік шалған. Әсіресе, тыныс алу жолдарының күйігі 2, 3-ші дәрежеде. Науқастардың жағдайы әлі ауыр халде қалып отыр”, – дейді Жамбыл облысты денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып үйіне оралмаған ағайынды 3 жігіт табылмай жатыр

Талқылау