Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында бала өліміне күдікті 2 айға қамауға алынды

Жамбыл облысында бала өліміне күдікті қамауға алынды.Бұл туралы Байзақ аудандық соты хабарлайды.

1384319969_0255.1000x800

«Кеше Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасы  тергеушісінің  Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қолдаған өтініші  қанағаттандырылды. Яғни 2 айға 2016 жылдың 16-шы сәуіріне дейін  қамауға алуға  санкция берілді»,- дейді судья  Назарқұлова.

Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында  жеке тұрғын үйде  кәмелетке толмаған А. Дүйсенбектің өлі денесі табылған еді. Кейін күдікті К ұсталып тергеу жұмыстары басталып кетекн еді.

Бұған дейін қанды қылмысқа күдікті ұсталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.  Баланы айуандықпен өлтірген қылмыскердің әділ жазалануын талап етіп ауыл халқы наразылық шарасын ұйымдастырған еді.

Талқылау