Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әжесі немересін педофилден құтқарып қалды

Жамбыл облысында бесінші сыныпта оқитын қызды зорламақ болған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға осы жылдың көктемінде болған. Көшеде 5-сынып оқитын қызға ер адам жақындап келеді. Ол қызды күштеп өзіне тартып алып, жеке үйдің аумағындағы қаңырап қалған моншаға сүйрей жөнеледі. Қызды монша ішіне алып кірген ер адам оған “Шешін!” деп бұйрық берген.

Осы уақытта қыздың әжесі үйден шығады. Моншаның терезесінен қызын көріп қалған әжей бірден оған ұмтылған. Әжей дереу тәртіп сақшыларын шақырып, айғайлап қызды алып шығады.

Кейін іс сотқа жіберіліп, мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен А. есімді күдікті 7 жылға сотталды.

Оқи отырыңыз:

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы қыз сотталды

“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті

Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр

Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

Талқылау