Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әйелі өзін өртеп жіберген күйеуін кешіре салды

Бұған дейін Жамбыл облысының Талас ауданында ер адамның әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жібергенін хабарлаған едік.

130988_5694d6dbd0e5d

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Күйеуі үйіне мас күйінде келіп айқай шығарған. Бұл кезде әйелі кішкентай сәбиін емізіп отырған екен. Ол күйеуінің өзін ұратынын білген соң нәрестесін тастап өзі сыртқа қашып шыққан. Оның ашуы басылғанын күтіп сарайда біраз уақыт күтсе керек. Алайда, күйеуі соңынан келіп үстіне бензин құйып от тұтатып жіберген. Әйел дер кезінде жерге жатып отты сөндіре алды. Кейін көршілері келіп көмектескен.

Әйелдің 25 пайыз денесін күйік шалып, бір айдан артық емханада жатты. Сарапшылар оның денсаулығы орташа деңгейде екенін анықтады. Бұл әйелдің соттан күйеуіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуы сұрауына себеп болды. Өзінің айтуынша, оның қатігез күйеуінен басқа барар ешкімі жоқ.

Индира Боташева

Жіберіп алмаңыз:

Семей ауруханада жалғыз қалған әке тым болмағанда 5 қызының бірі келер деп үміттенеді

Алматының мерейтойына келген Назарбаев костюм мен кроссовки киіп келді

Жаңа Зеландиялық әйел мысықтан сөмке жасап шу шығарды (фото)

Талқылау