Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында аударылған пойыздың 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған №10 пойыздың 400-ден астам жолаушысы тиісті көмек медициналық көмек алу үшін Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеп.

Жамбыл облысында аударылған пойыздың 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді

Алматы-1 теміржол вокзалында апатқа ұшыраған пойыздың жолаушыларына тиісті медициналық көмек көрсетілді. Онда вокзалдың медициналық пункті мен оннан астам жедел жәрдем көлігі кезекшілік атқарып, жеткізілген жолаушыларға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, жолаушыларға теміржол билетінің ақысын қайтару жөнінде қосымша ақпараттық-анықтама қызметі көрсетіліп, кеңес берілді.

«Адамдарды көздеген орындарына дейін жеткізу үшін Шуға 7 жолаушылар вагоны жіберілді»,-деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Алматы филиалының директоры Сәрсебек Жапаров.

Апатқа ұшыраған пойыздың жолаушылары, апат болған бойда жолсеріктер жолаушыларды шұғыл түрде вагоннан сыртқа шығарып, көмек көртсетті дейді. Көп өтпей теміржолшылар жолаушыларды басқа пойызға отырғызып, Алматыға жіберген.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш оқиға басқа пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер еткен жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау