Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 5 жасар қызды өлім аузынан құтқарған әскери дәрігерлер марапатталды

Осыдан бір ай бұрын Жамбыл облысында Алина есімді 5 жастағы қыз лас су құйылған цистернаның ішіне түсіп кеткен еді. Бір сағат бойы клиникалық өлім жағдайында болған қызды ата-анасы 63/302 әскери бөлімінің іргесінде орналасқан госпитальге жеткізеді. Сондағы әскери медицина қызметкерлері Алинаның бетін бері қаратқан.

науқассс

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Сол мамандардың еңбегі бүгін ерекше еленіп, Қорғаныс министрінің атынан ноутбук табысталды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері медицина қызметкерлері күнінде Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері және Әскери-теңіз күштерінде орналасқан госпитальдердің дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тарту етті.

Ресми рәсім аяқталған соң әскерилер сахнаға шығып, концерт қойды. Жалпы әскери дәрігерлердің басты міндеті – әскери қызметкерлер менолардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау. Кейде жергілікті тұрғындарға да қол ұшын беріп жатады.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда еліміздің Қарулы күштерінде 3 мыңнан астам дәрігер қызмет етеді.

«Осы жағдайдан кейін Алинаның отбасымен дос болып кеттік. Хабарласып тұрамыз. Балақайдың жағдайы жақсы. Емделіп шыққан соң анасына қуыршағын алып беруін сұраған. Мұны естігенде қатты қуандым. Ол барлық балалар сияқты ойнайды, жүгіреді. Барлығы есінде. Тамақты да өзі жейді»,-деді ҚТҚ «Гвардейский» 63/302 әскери бөлімі медицина қызметінің аға лейтенанты Саят Бикибаев

Талқылау