Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 5 жасар баланы қинап өлтірген жасөспірім 12 жылға сотталды

Жамбыл облысында ақпан айында болған атышулы іске қатысты сот отырысы аяқталды. Айыпталушы жазасын 12 жыл бойы қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды. Бұл туралы облыстық мамандандырылған аудан аралық сот өкілдігі хабарлады.

убийца-350x291

Оны үй қожайынының 5 жасар баласы көріп қойған. Ал жасөспірім болса оны тұншықтырған. Сосын асүйден пышақ алып, баланы 11 жерден жарақаттап өлтірген. Сонан соң теледидарды жерге құлатып, шабуыл болғанын айғақтайтын әрекет жасаған. Мұнан кейін үйіне келіп, ұрлаған ақшасын жасырып тастайды.

Полиция күдіктіні сол күні-ақ құрыққа түсірді.

“Ол ҚР ҚК 10 және 14 бабы бойынша және 191 бап бойынша да айыпталды. Енді жазасын 12 жыл қатаң режимдегі колонияда өтейді”, – деді Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілі Азамат Тілепов.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға осы жылдың 15 ақпанында Байзақ ауданында болған. Көршісінің үйіне кірген 18 жасқа толмаған жігіт, шкафтағы ілініп тұрған киімнің қалтасынан 28 мың теңгені алып кеткен.

Оқиғадан соң бүкіл ауыл тұрғындары жиналып, айыптыны жазалауды талап еткен болатын.

Талқылау