Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 21 жастағы жас ана үшемді өмірге әкелді

Жамбыл облыстық перинатарлық орталығында үшем өмірге келді.

22 қыркүйек күні Сарыкемер ауылының 21 жастағы тұрғыны Айдана Төлетаева мен жұбайы Дулат Кірбасов үшемнің ата-анасы атанды, деп хабарлайды «ZhambylNews».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 апталық қыз балалар кесір тілігі арқылы өмірге келді. Оның бірі 1700 грамм салмақпен, бірі 1600 грамм, үшіншісі 1790 келі салмақпе туды.

Сәбилердің денсаулығы жақсы. Оларға Даяна, Раяна, Саяна есімдері берілді.

«УЗИ арқылы құрсағымда үшем барын білдік. Оларға есім таңдай бастадық. Дәрігерлерге алғысымыз шексіз. Өте бақыттымыз», – дейді анасы.

Перинатарлық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева биылғы жылы 9 ай ішінде 4910 сәби өмірге келгенін айтады. Оның екеуі үшем, 109-ы егіз болған.

Облыс бойынша 9 ай ішінде 18 363 сәби дүние есігін ашқан. Оның екеуі үшем, 144-і егіз.

Тағы да оқыңыз:

Армян фотографы Назарбаевты ерекше қалыпта түсірген суретін жариялады (фото)

Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған

Телефон қуаттағышы салдарынан 1 жарым жастағы сәбидің аузы күйіп қалды

Талқылау