Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірген адам ұсталды. Күдікті әке жағынан таныс болып шықты

Жамбылдық полицейлер жас баланың өліміне қатысты күдіктіні қолға түсірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірген адам ұсталды. Күдікті әке жағынан таныс болып шықты

2019 жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласында 2010 жылы туған оқушы жоғалып кеткен еді. Өкінішке орай, жоғалған қыздың мәйіті келесі күні, 25 сәуірде, қала сыртынан табылды. 

Осы факті бойынша "кәмелетке толмағанды өлтіру" бабына бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аса ауыр қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігінің, Жамбыл облысы Полиция департаментінің, прокуратура және тағы басқа күш құрылымдарының тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-шараларының нәтижесінде оқушыны өлтірген күдікті ұсталды. Сондай-ақ,  осы іс бойынша айғақтық заттар алынды. Қамауға алынған күдікті - 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны болып шықты. Отбасын құрмаған азамат бұрын ұрлық жасап сотты болған екен. Ақпаратқа сүйенсек, күдікті әке жағынан таныс. Ол оқушының үйіне барып, әкесіне шаш алғызып тұрған.

Айта кетсек, 24 сәуірде Қаратау қаласының тұрғыны 2010 жылы туған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Бала мектептен кейін үйіне қайтып келмегендіктен, оқушыға іздеу жарияланды. Алайда, қаланың шеткі аудандарын іздестіру барысында өртенген дене табылды. Қалған киім бөліктерінен анасы жоғалған қызының мәйітін таныды. Жұма күні сараптама жүргізілгеннен кейін оқушының денесі жерлеу үшін ата-анасына берілді.

Талқылау