Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 8 жасар қыз жоғалып кетті: Полиция өртенген мәйітті тапты

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Қаратау қаласының іргесінен өртеніп кеткен баланың өлі денесі табылды. Мүрдені тану мүмкін болмаған. Алайда күні кеше ғана қалада 8 жасар қыз жоғалып кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 8 жасар қыз жоғалып кетті: Полиция өртелген мәйітті тапты

Қала іргесінен табылған баланың денесі қатты жанып кеткен. Сондықтан оны тану мүмкін болмапты. 

Күні кеше қалада үшінші сынып оқушысы жоғалып кеткен. Ол би үйірмесіне барғаннан кейін үйіне оралмапты. Әдетте оны үйірмеге атасы алып барып, өзі алып қайтып жүрген. Алайда сол күні қолы бос болмай, оқушы қыз үйірмеге жалғыз өзі кетіп, сол күйі хабар-ошар болмапты. Сондықтан табылған мәйіт 8 жасар қызға тиесілі болуы мүмкін деген күдік бар. Анасын киімнің қалдықтарына қарап, қызыныкі болуы мүмкін екенін айтқан. Бүгінде мәйітті анықтау үшін барлық сараптама тағайындалыпты. Мәйіттің кімге тиесілі екені сараптамадан кейін анықталады.

«Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анасы мәйтті киім қалдықтарынан қызыныкі екенін болжады. Сонымен қатар ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда», - дейді облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев.

Оқиғаға қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ішкі істер министрі істі бақылауына алды.

Талқылау