Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалпайған мешіт жамағаттың наразылығын тудырды

Иран астанасында салынып жатқан мешіт осы заманғы озық үлгі саналатын сәулет стилінде болғандықтан, яғни, ультра стилдегі, футуристік мешіт құрылысының жобасы консервативтік тұрғындардың көңілінен шыққан жоқ.

Бұл туралы islam.kz жазады.

Ол ол ма, Иран қоғамында талас-тартысқа айналып, арты дау-дамайға ұласқан жайы бар. Тегеран қаласындағы 1979 жылы соғылған театрдың жанынан тұрғызылуы тиіс мешіт аталған мәдениет ошағымен сәулеті үйлесіп тұруы тиіс-тұғын.

Теңіздегі толқынды еске түсіретін Уәли Аср деп аталатын бұл мешіт дизайнын Реза Данишмир есімді ирандық сәулетші Катерина Спиридоноффпен бірге сызған еді. Консервативті орта мұнарасы мен күмбезі болмағаны үшін оны ғибадат ғимараты деп мойындамайтынын айтып жатыр.

“Театр сәулеті үшін құрбандыққа шалынған мешіт” деп күсталағандар да болды. Айта кетейік, дау тудырған бұл мұсылмандардың бұл құлшылық үйі он жылдан ашылып қалады.

Жіберіп алмаңыз:

Модель ағасы өзіне қол салғаннан кейін жынысын ауыстыруға бел буған (фото)

Танымал актриса өзіне АҚШ-тың экс-президентінің жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды

Си Цзиньпин Қытай Компартиясының бас хатшысы болып қайта сайланды

72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды

Талқылау