Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғызбасты әке Аналар күні мерекесінде балалары жалғызсырамау үшін көйлек киіп келді (видео)

Жалғызбасты әкелер үшін балаға ананың орнын алмастыу қиын. Алайда анасының жоқтығын білдіртпеуге тырысатын әкелер де баршылық. Екі баласын жалғыз бағып отырған әке құптарлық әрекетке барды.

Таиландтың Канчанабури провинциясының тұрғыны Чатчай Панутхай әйелімен ажырасып кеткен соң екі баласын толығымен өз қамқорлығына алған. Әйелі Европа еліне тұруға кетіп қалған.

Елде 12 тамыз Аналар күні мерекесі аталып өтеді. Соған орай мектепте мерекелік шара өтетін болады. Мерекеде балалары құрмет ретінде аналарының алдында тізерлеп отырып, сый көрсетуі тиіс.

Әкесі балалары жалғызсырап қалмау үшін анасы ретінде киініп келді.

Оның құрбысы мектептегілердің бәрі ер адамның әрекетін қолдағанын айтады. Өзге ата-аналар оның киіміне күліп, суретке түсіріп жатты.

«Оның балалары әкесінің не себепті көйлек киіп, әйел адамша жүргенін түсінбеген секілді», – деп жазды әкесінің құрбысы желідегі парақшасында. Ол досын «Жыл анасы» деп бағалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау