Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғызбасты әке 9 баласымен аз ғана жәрдемақыға күн көріп отыр

Қызылорда облысында 42 жастағы Нұржан Қалдыбаев балаларына мектеп формасын алып бере алмай жүр. Ол 9 баласын жалғыз өзі асырап отыр.

tileugul-kuanyshtyn-anasy

Балаларының үлкені 15 жаста. Кішісі 4 жаста. Әйел қайтыс болған соң күн көріс қамы қиындап кетті, деп хабарлайды 31 арна.

Әкесі 9 баласымен 40 шаршы метр болатын жертамда тұрып жатыр. Әйелінен айырылған соң Нұржан жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Енді жәрдемақыға күн көріп отыр.

Қалдыбаевтар тұрып жатқан үйдің жағдайы мәз емес. Шатыры баяғыда құлап қалған. Қабырғасынан ыстық та, суық та өтіп кетеді.

tileugul-kuanyshtyn-anasy

«Бізге өте ауыр. Екі баламды ақша тауып өз өзін асырау үшін қалаға жіберуіме тура келді», – дейді Нұржан Қалдыбаев.

«Біздің үлкен арманымыз – үлкен үйге көшсек дейміз. Әрқайсысымыздың жеке бөлмеміз болса дейміз», – дейді қызы Аяулым Әбен.

Аудандық әкімдікте көпалалы отбасының жағдайынан хабардар. Шенеуніктердің айтуынша, оларға мүмкіндігінше көмек көрсетіп жатыр екен.

tileugul-kuanyshtyn-anasy

«Біз оларға екі бөлмеден тұратын жертамды бердік. Әлі де  көмек көрсетеміз. Ал заттармен, ыстық тамақпен мектеп басшылығы қамтамасыз ету керек», – дейді Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы әкімдігінің өкілі Қанар Жүсіпбеков.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қайтыс болған студенттің жақындары қыздарының жетісін берді

Ерікті өрт сөндірушілер ақша табу үшін өздері әдейі от қойып отырған

Қарағанды облысында кішкентай қызды сабаған бейтаныс әйел видеоға түсіп қалды

Астана әуежайының маңдайша жазуы Nursultan Nazarbayev деп өзгертілді

Талқылау