Жалғыз пәтерін кепілге қойған: Денис Теннің ата-анасы чемпионды тәрбиелеу үшін қандай құрбандықтарға барған

Әлемдік додаларда топ жару, чемпион атану, Қазақстанның туын көкке көтеру… Сырт көзге жеңіл көрінетін бұл дүниелерге жету шын мәнінде оңай емес. Жылдар бойғы еңбек, маңдай тер, қажырлы қайрат, қайтпас мінез керек. Мұның бәрі қаршадай ғана Денистің бойында бар еді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жалғыз пәтерін сатқан: Денис Теннің ата-анасы чемпион тәрбиелеу үшін қандай құрбандықтарға барған

Денистен чемпион ғана емес, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін ата-анасы талай құрбандыққа барған. Түнерге жер таппаса да, талай есікті қағып, білікті мамандардың табалдырығын тоздырған.

Денистің анасы туралы танымал қазақстандық биші Софи Манасянның анасы Ольга Манасян әңгімелеп берді.

Манасянның айтуынша, көптеген ата-аналар балаларын жан-жақты дамыту үшін еңбектенудің орнына ақталуды жөн санайды. Ал Денистің анасы олай жасамаған…

“Ақталу сөздері. Бәріміз де ақтала білеміз. Мүмкіндік жоқ, ақша жоқ, денсаулық, күш жоқ. Өзімізді аяп, балаларымыздың алдында осылай жылаймыз. Кейін өмірге өкпелі боп өскен балаларымыз ұрлық жасап, адам өлтіргені үшін ақталады.

Денис. Оның анасының әр айтқан әңгімесі есімде. Күшті, қанша қиналса да ерік-жігері мықты әйел. Баласын Ресей мен АҚШ-қа алып бару үшін талай есікті қақты, достары мен туыстарынан қарыз алды, олар (авт. ата-анасы) тіпті, жалғыз пәтерлерін кепілге қойды. Анасы бөтен елде оны бапкерлермен кездестіру үшін бәріне шыдады. Тәулік бойы ұшып, жалға көлік алып, тұманның ортасында бармаған жері жоқ. Соның бәрін “ұлымды жаттықтырушылар байқаса, перзентімнің арманы орындалса” деген оймен істеді. Қазақстанның туын көкке көтеру арманын орындау үшін!” – дейді Манасян.

Денистің әр күні таңғы сағат 6-да басталатын

“Денистің әр күні таңғы сағат 6-да спорт залынан басталатын. Ол өмірдің қызықшылықтары мен жеке өмірін кейінге ысырып, маңдай тері мен қанымен жетістікке жету үшін еңбектенді.

Денис анасын сондай аяйтын, себебі тек қана ол анасының басынан өткен жайтты білетін. Ол (авт. анасы) қайда түнейтінін, бапкерді қайдан табатынын, жаңа конькиді қайдан алатынын білмеді. Бірақ әрдайым күлімдеп, ұлының санасына өзіне деген сенімді ұялата білді. Ол (Денис) бізбен кездесуге ең алғаш анасын ертіп әкелді. Бірдеңе қажет болған жағдайда, кеңес сұрау үшін телефон нөмірін жазып алып қалуымды өтінді. Себебі ол анасын біртуар адам деп санайтын. Әрі сөзінде балаларға көмек беру – аналардың батырлығы екенін атап өтетін.

Неліктен мұндай аналар балаларын жер қойнына тапсыруы тиіс? Әлгі сұмырайлардың аналары уақытын аяп, ақталып, хайуан емес, адам тәрбиелей алмаған кезде?!

Ақталуды қойыңыздар, ешқандай жағдай да баланы қолға алып, оның бойына адамгершілік, адалдық, мейірімділік пен еңбекқорлық сынды қасиеттерді сіңіруге кедергі келтіре алмайды. Байлық – адамның жанында. Ол бізден, яғни аналардан басталады. Басқа сөзім жоқ, тек қана көл болған көз жасы”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар