Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең жалғыз адам орманда видеоға түсіп қалды (видео)

Амазонияның жауынды ормандарын мекендейтін, өз тайпасының соңғы тұяғы саналатын адам орманда тұрған камераға түсіп қалды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

Бразилияда түсірілген видеодан жартылай жалаңаш, жасы шамамен елудегі ер адамды көруге болады.  Зерттеушілердің сөзінше, ол 22 жыл бойы жалғыздықта өмір сүрген. Осы уақыт ішінде ғалымдар ол адамды жақыннан видеоға  түсіріп алды.

“Оның жағдайы жақсы. Ол жүгері мен папайяны өсіреді, аңшылыққа шығады. Денеге түсетін ауыр салмақтың арқасында оның денсаулығы және  рухани жағдайы жақсы,” — деді үнділердің Ұлттық қорында жұмыс істейтін жергілікті үйлестіруші Алтаир Алгуер.  Ғалымның сөзінше, еркек аңшылыққа садағымен шығады. Сондай-ақ, апандар жасап, ол жерге ағаштан жасалған өткір қылқандарды қойып, аң аулайды.

Оның тайпасын ағаш кесушілер мен фермерлер 1970-1980 жылдары ормандарды жаулап алу үшін қыра бастаған. 1995 жылы олар  5 адамнан тұратын соңғы тайпаны қырып тастаған. Ал мына адам әлдеқалай аман қалған.  1996 жылдан бастап үнділердің Ұлттық қоры осы еркекті бақылап келеді. Олар бұл адаммен байланысқа түспесе де, оның аумағын қорғаған.  Олар ер адамның аймағына балға, дәндер қойып кеткенімен, орман иесі заттарды бірде бір рет пайдаланбаған.

Үнділердің Ұлттық қорының мамандары Бразилия аумағында шамамен өркенитеттен қалған 113 тайпа бар деп есептейді. Әзірге олардың 27 ғана табылды.  Тайпа тілдері бір топқа жатқанымен, олар аймақтарға байланысты бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

 

Талқылау