Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңбұт қалды: Отандық телеарнадағы келіндердің төбелесі жұртты шошытты (видео)

Отандық арналарлың біріндегі келіндер шоуына қатысты тағы да сын айтылды. Бұған дейін де көпшілік тарапынан жағымсыз пікірлер айтылған бағдарама қатысушылары тағы көзге ілікті.

Бағдарламадағы қатысушы қыздар тікелей эфирде бір-бірімен жаға жыртысты. “Кел, келінім” шоуының Гүлнәр мен Әйгерім есімді қатысушысы бір-бірінің шашын жұлып, бет тырнасты. Олар әлденеге келіспей қалған. Бұл тікелей эфирдегі алғашқы төбелес емес. Жалпы, бағдарламада ұрыс-керіс, төбелестің жиі болып тұратыны белгілі. Бұған көрерменнің де көзі үйренгендей.

Бұл көрініс тікелей эирде берілді. Көрермендер мұның еш тәрбиелік мәні жоқ екенін алға тартып, эфирден жоюды сұрады. Бағдарламаны үзбей көретін көрермендер де өз ойын айтып жатыр. Енді бірі көріністің әдейі жасалғанын, бағдарламаның бастан аяқ сценарий бойынша түсірілетінін айтуда.

“Мұха, бұл қыздарды кім келін қылады өзі? Тәртіпке салу қиын-ау, саған?”, – деп жазды журналист Ирина Советжанқызы.

“Екі қыздың да қысқа белдемшесінен жалаңбұты көрінді. Ел алдында жалаңаштанып, жұлысып жатқан қыздар қандай келін болады? Келінді осылай таңдай ма? Көре-көре көзіміз үйренді. Жаманды да қалыпты жағдайға балайтын болдық”, – деп жазды пікір білдірушелір.

“Қазақтың қыздары тәрбиесімен, әдептілігімен, көзге түскен. Біздің қыздардың сыйқы мынау”, – деп жазды бағдарлама жүргізушісі Мұхит Сапарбаев желіде.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау