Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақындары наразы: Түркістан облысында өз әйелін өлтірді деп сотталған ер адам бостандыққа шықпақ

“Өз әйелін өлтірді” деп айыпталған ер адам бостандыққа шықпақ. Түркістан облысында ауыр қылмыс жасап, 11 жылға сотталған жігіттің жазасы жеңілдеді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы осындай шешім шығарған.

Жақындары наразы: Түркістан облысында өз әйелін өлтірді деп сотталған ер адам бостандыққа шықпақ

Судьяның сөзінше, жазасын өтеушінің іс әрекетінде қасақана кісі өлтіру белгілері болмаған. Сондықтан, оның бұған дейінгі бас бостандығынан айыру жөніндегі жазасы қайта сараланыпты. Алайда, марқұмың туыстары бұған келіспейді. Енді Жоғарғы соттан араша сұрап отыр, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Бейбіт күнде қызынан айырылып қалған Мавланқұловтар отбасы әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып жүр. Олардың сөзінше, екі баланың анасы атанған Юлдызды өз күйеуі азаптап өлтіріпті. Сөйтіп, денесін ауладағы сарайға асып қойған, дейді. Енді марқұмның туыстары әділдікке жете алмай жүр.

«Біз мұны қоймаймыз. А так, біз қоя салуымыз керек еді. Жатқан жерде жатсын. Алла жазасын берсін деп айтатын едік. Бірақ, олар осыншама тірлік істеп отыр ма? Мен шыдай алмаймын!» – дейді марқұмның туысы Гүлсінай Юлдашева.

Ал, жазасын өтеушінің туыстары Еркінжан Нартаевтың сүттен ақ судан таза екенін айтады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тек айыптау актісімен жүргізілді. Нақты дәлелдемелері болмаса да оны кінәлі деп таныды. Сөйтіп, ауыр жаза тағайындады, дейді.

«Егер 25-і күні менің ағам Юлдызды ұрған болғанда оның киімдерінен қанның белгілері анықталған болар еді. Одан бөлек, 2 қабырғасы сынды дейді, 6-7 қабырғалары. Жоқ, 6 қабырға өлімнен кейін сынды, тағы оны сарапшы Елдос Ерболат сараптау кезінде сындырып алдым деді» – дейді жазасын өтеушінің інісі Жорабек Нартаев.

Қоғамды дүр сілкіндірген қанды оқиға өткен жылы Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында болған еді. Марұқұм болған Юлдыздың туыстарының айтуынша Еркінжан үйге басқа әйелді ертіп келіп, 3 жыл отасқан заңды жұбайын қуып шықпақ болған. Ақыры ұрыс-керістің соңы адам өлімімен аяқталыпты. Бірнеше рет сот медициналық сараптама тағайындалып, мәйітке эксгумация да жасалған. Соңында сот марқұмның күйеуін он бір жылға соттады. Алайда, істі қайта зерделеген аппеляциялық алқа “сотталушының әрекетінде қылмыстық жағдай болмаған” депті. Сөйтіп, он жылын қысқартып тастаған.

«Жинақталған құжаттардың дәлелдемелеріне қарағанда, сотталған Нартаевтың әрекеттері жәбірленуші Мавланкуловаға қатысты “қатыгездік әрекетімен өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізіп, денсаулығына қасақана ауырлау орташа зиян салу қылмыстық құқық белгілері бар” деп сот алқасы шешім шығарған. Яғни, ол жерде қасақана кісі өлтіру фактісі жоқ деген тұжырымға келіп отыр» – дейді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Бүркіт Байдулдаев.

Дегенмен, марқұмның туыстары сот шешімімен келіспейді. Енді жоғары сотқа арызданбақшы. Ал, жастайынан өмірден өткен Юлдыздың артында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қалды. Олар осы күнде нағашыларының қолында тәрбиеленіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау