Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақындары Қостанай облысында көз жұмған жүкті әйелдің өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Оксана Гладкова қазан айының басында өзін жақсы сезініп жүрген. Ол кезде жүктіліктің 5-айы болыпты. 2 қазан күні ол өзін нашар сезінгендіктен жақындары жедел жәрдем шақырған. Туыстарының айтуынша, жедел жәрдем бір сағаттан соң бір-ақ келген.

56569-640x354

Бұл туралы Алау хабарлайды.

Оксананың әкесінің айтуынша, дәрігерлер әйелге бір тал дәрі беріп кетіп қалған.

Ертеңінде де осындай жағдай қайталанған соң тағы да жедел жәрдем қызметін шақырыпты. Дүйсенбі күні олар Оксананы алып кетті. Оны 12 сағат бойы әрі-бері сүйреп жүрген. Бір емханадан екіншісіне апарып, ақырында облыстық емханаға жеткізді. Тез арада шешім қабылдай қоймады», – дейді әкесі Владимир Чернов.

4 қазан күні дәрігерлер оның құрсағындағы сәбидің өлі екенін анықтаған. Оны жансақтау бөліміне жеткізіп, ота жасады. 5 қазан күні Оксананың қаза болғаны хабарланды.

«Болжам бойынша, әйелдің ағзасы жүктілікті көтермеген. Оның бүйек жұмысы нашарлаған. Медициналық көмек қажетті уақытында көрсетілмеген. 2-і күні науқастың жағдайы дәрігерлерге хабарланғанды, 5-і күні көз жұмды. Оксананың бұл алғашқы жүктілігі. Жүктілігінің ауыр жағдайда өтіп жатқаны карточкасында жазылып тұр. Олар бұған назар аудармаған», – дейді отбасының жақын жолдасы Иван Васильев.

«Медициналық құжаттардың сараптамасы дайындалып жатыр. Зерттеу нәтижесін күтіп отырмыз. Бір уақытта екі комиссия қатар жұмыс істеп жатыр. Барлығы жоғары білікті мамандар. Денсаулық сақтау басқармасының да комиссиясы тексеретін болады», – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Гүлшат Байжұманова.

Әйелдің өліміне дәрігерлердің кінәсі бар-жоқтығын айтуға әлі ерте. Сараптама нәтижесін оның туыстары да еститін болады. Алайда, Оксананаың жақындары медициналық зерттеу нәтижесін күтпестен облыстық прокуратура мен ІІД-не арыз жазып қойды.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысында жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Ерасыл Әубәкіровтың ісінде Аян Мейірбаев неліктен бас күдіктіден жәбірленушіге айналды

Мәдениет министрін «төсекке сүйреді» деп айыптаған актриса адвокат жалдап сотқа дайындалып жатыр

Түрмеде жазасын өтеуші телефонмен хабарласып Көкшетау тұрғындарының зәресін алған

Талқылау