Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақындары 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген азаматтың қатаң жазалануын сұрайды

18 жастағы Назерке әріпті өлтірді деген қылмыскерге қатысты сот басталды, деп хабарлайды КТК.

Алматыда сот отырысы жабық өтіп жатыр. Марқұм қыздың анасы 33 жастағы такси жүргізушісінің кәнісін мойындап, қызды қылғындырғанын айтады. Жақындары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етті.

33 жастағы азамат кінәсін жартылай мойындады.

«Ол қызымды өлтіргенін мойындап отыр, тек зорлағанын мойындамайды. Есімді жоқ деп отыр. Оған жеңіл жаза берсе мұны тағы да қайталайды. Сондықтан оған ең ауыр жаза беру керек», – дейді жәбірленуші Әсел Сарбаева.

«Ол бізбен бірге жүрді. Ешқандай ерсі әрекетін байқамадым. Мұндай әрекетке барғанынан өзім де таңғалдым», – дейді куәгер Асқар Махадиев.

Сотталушы бұған дейін де үш рет сотталған. Соңғы ретінде адам өлтіргені үшін сотталып, жақсы тәртібі үшін ерте босатылған. Кезекті сот отырысы 14 желтоқсан күні өтеді.

Тағы оқыңыз: 

“Олар мені ұсқынсыз дейді ”: Голливуд жұлдыздары мектепте қорлық көріп, жылаған баланы қолдап жатыр (видео)

Шымкентте жуынатын бөлмеден бір жасар баласы мен анасы өлі күйінде табылды

Рианнаның шұлығы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

Талқылау