Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеген Жәния Джуринская қиналып жүргенін айтып жұртты алаңдатып қойды

Белгілі актриса Жәния Джуринская өзін жайсыз сезініп, көп нәрсеге деген қызығушылығын жоғалтып алғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Жәния Джуринская

Таяуда ғана тұрмысқа шығатынын мәлімдеген актрисаның желідегі жазбасы жұртты алаңдатып қойды.

«Селқостық. Бәріне немқұайлылық. Енжарлық. Ештеңе істегім, ештеңені анықтағым, ештеңе жасағым келмейді… Қазір мені ұрлап кетсе де қарсылық танытпайтын сияқтымын. Бәрі-бір… Мендегі отты тұтатшы», – деп жазды актриса.

Алайда ол қиындықтың жеке өмірінде немесе шығармашылығында туындағанын жасырып қалды.

Ал актрисаның желідегі оқырмандары оның шын ғашық болып қалғанын айтып, бақыт тілесіп жатыр.

Айта кетсек, Жәния Джурнинская таяуда ғана тұрмысқа шығатынын мәлімдеген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау