Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров: Бізге Отаны үшін өмірін қиятын ұрпақ жетіспейді

Жақсылық Үшкемпіров жастарды Отанын бағалауға шақырды. Мұнымен қатар, қазір елі мен жері үшін өмірін беруге дайын азаматтардың аз екенін сөз етті.

лдш

Бұл туралы «Салмақты сөз» бағдарламасында айтылды.

– Шаруашылыққа бет бұрып, ауылдың жағдайын жасауыңызға не итермелейді?

– Мен кеңес одағы кезеңінен бері үлкен спортпен айналыстым. Бабаларымыз тәуелсіздікті аңсады. Құдайға шүкір, сол арманға жеттік. Бұған елбасы мен халықтың бірлігінің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Яғни қанмен, термен келген нәрсені біз түсінеміз. Бұл өмірім мен егемендігімді шексіз құрметтеймін. Кейінгі жастарға үлгі болмақ ниетпен өзімнің ата кәсібімді дамытпақпын. Балқаш ауылына барып басында қой шаруашылығымен айналыстым. Одан кейін ірі қара және жылқы шаруашылығын қолға алдым. Әрбір азамат бір-бір ауылды ұстаса, біздің Қазақстанымыз гүлдей жайнайтын еді. 2006 жылы Мыңбаев ауданына газды алып келгенімде, бүкіл ауыл қуанды. Әсіресе, әйелдеріміз бен аналарымыз қуанды. Әдетте көмір мен ағаш жағып қиналатын. Қазір әрқайсысының үйінде газ жанып тұр. Спорт кешенін салдырып, ішінен әйелдерге арналған фитнес клуб аштым.

– Білуімізше, Мыңбаев ауылы сіздің туған жеріңіз емес. Туған жеріңізді әлдеқашан гүлдендіріп қойдыңыз ба? Әлде ауылдарымызды бөліп-жармауымыз керек деген ниетіңіз бе?

– Жамбыл облысына қайта-қайта бара алмаймын. Жуырда соғыс ардагерлеріне арналған мүсін қойдырдым. Соғысқа барған, тылда жұмыс істеген жандарға тағзым етпек ниетте болдым. Шетелге талай шықсам да, туған жеріме қайтып айналып келдім. Бәріміз үшін де туған жер артық болмақ.

– Шетелге кетіп қалатын азаматтарға көп сын айттыңыз. «Неге туған еліне келіп қызмет атқармайды» деп те сөктіңіз. Бұл сөздеріңіздің астарында не жатыр?

– Жас кезімде шетелге талай бардым. Қайда болсам да, бір аптадан кейін туған жерімді сағына бастайтынмын. Бәлкім қазақы тәрбиемен өскендіктен осылай болған шығар. Сол себепті, кейінгі ұрпағымызға да қазақы тәрбие беруіміз керек. Сонда ғана кейінгі ұрпақты Отаны үшін еңбек етуге баулимыз. Бізге Отаны үшін жанын беретін ұрпақ жетіспейді. Кеңес одағы кезінде идеология күшті болды. Ол кездегі адамдар Отаны үшін өлуге дайын еді. Оның барлығы айналып келгенде тәрбие. Қазіргі өмірімізге риза болуымыз керек. Тіліміз бен дінімізді, халқымызды сыйлауымыз керек. Сол кезде ғана біз кейінгі ұрпаққа үлгі болып, тәрбие бере аламыз.


Жіберіп алмаңыз:

«Қазсушар» бөлімшесінің басшысы: Судың келуін иіскеп біле алмаймыз

Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты (фото)

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

8 жасар қызды педофилден арашалап қалған мектеп оқушысына оқу гранты берілді

Талқылау